Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауында сөз сөйледі.
«Осы жаңа Конституцияны әзірлеудің өзі бүгінгі Қазақстанда өте прогрессивті қадам екенін қарастыруымыз керек. Өйткені 1995 жылғы конституция бүгінгі таңда моральдық көнерген. Ол конституция қабылданған кезеңде елімізде терең экономикалық дағдарыс орын алып, нарықтық қатынастарға жаңа ауысқан кезеңде халықтың конституция мәтінін оқу, оны талқылауға мүмкіндігі болмады. Сондықтан Конституцияны 15 ғана адам дайындады. Ал жаңа Конституция қазақ тілінде әзірленіп, оған Қазақстанның әр түрлі аймағынан 130 тарта адам қатысты, олар қатарында заңгерлер, теоретик ғылымдар, практиктер, сондай ақ аймақтардан қоғам белсенділері болды. Тағы бір айта кетерлігі еліміздің барлық аймағының тұрғындары жаңа Конституция мәтінімен таныс, және оны толығымен қолдап отыр», – дейді депутат.
Сонымен қатар ол Құрылтай мен Халық Кеңесінің қызметіне кеңінен тоқталды.
«Тұрақтылықты қалыптастырудың демократиялық әдісі ретінде Құрылтай мен Халық кеңесі институты енгізіліп отыр. Құрылтайға келетін болсақ, Қазақстанда өте мықты президент институтын сақтай отырып, Құрылтай әртүрлі билік тармағында бақылау функциясы артып отыр.
Біріншіден, үкіметті бақылау функциясы. Екіншіден, бюджетті бақылау функциясы. Үшіншіден, мемлекеттік органдарды бақылау функциясы.
Егер бюджетті талқылау кезінде Құрылтай бюджетті қолдамаса, онда бұл үкіметке деген сенімсіздік вотумы болып саналады.
Екіншіден, депутаттардың үштен екісі белгілі бір министр өзінің қызметін орындай алмай жатыр деген шешім қабылдаса, онда Президент сол министрді қызметтен алуға міндетті болады».