Танымал тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында болашақта қандай ене болатынын айтып, жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, өзіне үлгі болатын екі адамы бар, соның бірі – өзінің енесі.
«Мен қандай ене болатынымды білемін. Мен жүрегі ашық, жақсылығын сөзбен емес, іспен көрсететін, шартсыз сүйетін ене боламын. Мен тарапымнан тек қолдау ғана болады. Өмірімде тағы бір Ана пайда болғанына бақыттымын. Ол – даналық пен білімнің қазынасы», – деп жазды тележүргізуші.
Сондай-ақ ол енесінің өте белсенді екенін, немерелерінің дүниеге келу сәтіне жиі қатысқанын атап өтті.
«Біздің Маманиды сіздер көп жылдан бері білесіздер. Ол – өте белсенді ене. Немерелерінің өмірге келуінің көбіне қатысқан. Оның күш-қуаты барлық шөберелеріне де жетеді деп ойлаймын», – деді ол.
Жазбасын Динара Сәтжан аналарды қадірлеуге шақырумен түйіндеді.
«Аналарыңызды аялап жүріңіздер. Еркелетіңіздер! Қадірлеңіздер!» – деп жазды ол.