Михаил Шайдоров Олимпиадада киген костюмін Лозаннадағы музейге табыстады (ВИДЕО)

Бүгін, 22:43 / Өтей Торғайұлы

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Милан төріндегі додада киіп шыққан жарыс костюмін ресми түрде Халықаралық Олимпиада комитетінің Лозанна қаласындағы музей қорына табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәл осы образда спортшы Олимпиада мұз айдынына шығып, Қазақстан намысын қорғаған еді. Енді отандық дизайнерлер тіккен бұл бірегей костюм Олимпиада музейі коллекциясына еніп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тарихи жәдігерлердің қатарынан орын алады.

Бұл киім — алматылық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының еңбегі. 

Осылайша, қазақстандық спортшының жетістігі ғана емес, отандық дизайнерлердің шығармашылығы да халықаралық деңгейде мойындалып отыр.

Тэгтер:

Михаил Шайдоров Қысқы олимпиада-2026