"Михаил Шайдоровпен кездескім келеді" – Қысқы спорттан тұңғыш Қазақстанның Олимпиада чемпионы

Бүгін, 21:47 / Өтей Торғайұлы
коллаж

Қысқы спорттан Қазақстанның тұңғыш әрі 32 жыл бойы Олимпиада чемпионы болған шаңғышы Владимир Смирнов Милан Олимпиадасының жеңімпазы Михаил Шайдоровпен кездескісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол TURKISTAN газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Мүмкіндік болса, әрине менің де оны­­мен кездесіп, жеке құттықтағым келе­ді. Себебі мен қатты уайымдадым. Оның өзі­­нен кейінгі өнер көрсеткендердің нә­ти­жесін күтіп отырған кезінде уайымдап отыр­ғанына қарап мен де уайымға беріл­дім. Оның бет-әлпетінен қатты толқып отыр­­­ғаны көрініп тұрды. Михаил жүріп өт­­кен жолды мен де жүріп өттім. Сон­дық­тан оның нәтижелер өзгеріп жатқанда не се­зіп отырғанын елестеттім", - деді 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасының чемпионы Владимир Смирнов.

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров аты аңызға айналған спортшы Владимир Смирновпен кездесуге ниетті екенін жеткізген болатын.

Тэгтер:

Михаил Шайдоров қысқы спорт