Жанболат пен Жазираның ұлы сүйіктісіне сөз салды

20 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Жазира Байырбекова ұлының келініне сөз салған сәтінен суреттер жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші әлеуметтік желіге балаларының бірнеше суретін жүктеген. Суреттен ер жігіттің сүйіктісіне шетелде сөз салғанын анық байқауға болады.

"Қолыңа қонған бақ құсың құтты болсын. Махаббаттарың мәңгі, ниеттерің ақ болсын. Аллам тіл-көзден сақтасын!", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Өнерлі жұптың әріптестері мен тыңдармандары желіде құттықтауларын жаудырды.

"Бақыттары баянды болсын", "Көптен күткен қуаныштарың құтты болсын!", "Бақытты болсын!", - деп жазды көпшілік.

Тэгтер:

әнші сүйікті жанболат пен жазира сөз салу