Қазақстандық азамат Елена Рыбакинаның иығына қамзол жапты

Бүгін, 20:11 / Өтей Торғайұлы

Дубайда өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы айналымда ол хорватиялық Антония Ружичпен ойнады. Кездесу барысы (7:5, 4:6, 0:1) есебімен жалғасып жатқанда, Рыбакина өзін жайсыз сезініп, матчты тоқтатты. Теннисші жүрек айну мен бас ауруына шағымданғаннан кейін жарыстан бас тартқан.

Алайда матчтан кейін көрермендер есінде қалған тағы бір ерекше сәт болды. Дубайда отырған қазақ жанкүйері Еленаға ұлттық нақыштағы қамзол сыйлап, спортшының иығына жауып құрмет көрсетті.

Рыбакина жанкүйердің ықыласына разы болып, қамзолды сол жерде киіп көрді де, алғысын білдірді. Бұл көрініс әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің жылы пікіріне ие болды.

Тэгтер:

Елена Рыбакина теннис қамзол