Анар шырынын кімдердің ішпегені дұрыс?

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Гранат шырыны дәрумендер мен антиоксиданттарға бай болғанымен, ол бәріне бірдей жаға бермейді. Кімдерге анар шырынын ішпеген жөн? turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап пайдалы ақпаратты бөліседі.

Ең алдымен, асқазан-ішек жолы аурулары барлар. Қышқылдығы жоғары болғандықтан, гастрит немесе ойық жарасы бар адамдарда күйдіргі мен ауырсынуды күшейтуі мүмкін.

Іш қатуға бейім жандар. Құрамындағы илік (тұтқыр) заттар іш жүргізуді баяулатып, жағдайды ушықтыруы ықтимал.

Қант диабеті бар адамдар. Табиғи болғанымен, шырында қант мөлшері жоғары. Сондықтан мөлшерін бақылап, дәрігермен кеңесу маңызды.

Аллергиясы барлар. Кейбір адамдарда гранат аллергиялық реакция туғызуы мүмкін — тері бөртпесі, қышыну немесе жайсыздық байқалса, тұтынуды тоқтату керек.

Бір жасқа дейінгі балалар. Нәрестелердің асқазанына ауыр тиіп, тітіркендіруі мүмкін, сондықтан бұл жаста берілмейді.

Жүкті әйелдер. Пайдалы болғанымен, шамадан тыс ішу кей жағдайда іштің түйілуін туғызуы ықтимал. Сондықтан мөлшерін сақтап, дәрігер кеңесін алған дұрыс.

Қысқасы, кез келген пайдалы өнімнің де зияны болуы мүмкін. Денсаулығыңызға қарай таңдау жасап, орнымен тұтынуды ұмытпаған жөн.

Тэгтер:

шырын анар