Эпштейн ісі бойынша ұсталған Ұлыбританияның бұрынғы ханзадасы қамаудан босатылды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: Reuters

Ұлыбританиядағы патша отбасының бұрынғы мүшесі, экс Йорк герцогі Эндрю Маунтбеттен-Виндзор Джефрей Эпштейн ісі бойынша 11 сағат қамауда болып, кейін босатылды. Бұл туралы Sky News телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сәйкес, Эндрю Маунтбеттен-Виндзор 19 ақпан күні таңертең Норфолктегі Сәндрингәм Хаус резиденциясында, өзінің 66 жасқа толған күні ұсталған. Сол күні кешке ол босатылған. Полиция Вуд-Фармдағы резиденциясында тінту жүргізіп, тергеу шараларын Беркширдегі бұрынғы үйі аумағында жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тергеу деректеріне қарағанда, Эндрю Маунтбеттен-Виндзор 2001–2011 жылдары Ұлыбританияның сауда өкілі қызметін атқарған кезеңде Эпштейнге құпия ақпарат беруі мүмкін деген күдікке ілінген. Алайда ол өзіне тағылған айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды.

Бұл оқиға заманауи британ монархиясы тарихындағы сирек жағдайлардың бірі саналады. Соңғы рет билеуші монархтың туған бауыры 1554 жылы тұтқындалған болаты, ол кейін Англия патшайымы атанған I Элизабет еді.

Ұлыбритания королі III Чарльз бауырының ұсталуына байланысты «қатты алаңдаушылық» білдіріп, істің толық әрі әділ тергелуі қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Эндрю бұған дейін Вирджиния Жуффренің айыптауларынан кейін үлкен дау-дамайдың ортасында қалған еді. 2025 жылдың қазанында ол герцог Йоркский титулынан өз еркімен бас тартты, кейін король шешімімен принц атағынан да айырылды және Виндзордағы резиденцияны пайдалану құқығынан шеттетілді. Тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

Эпштейн Эндрю Маунтбеттен-Виндзор