Әйгілі әнші Николь Шерзингер София Самоделкинаға ризашылығын білдірді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:37 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Әйгілі Pussycat Dolls тобының экс әншісі, танымал америкалық актриса Николь Шерзингер жеке парақшасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинаға еркін бағдарламада өзінің туындысын таңдағаны үшін алғысын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстандық Софья Самоделкинаға 2026 жылғы Олимпиада ойындарына "Sunset Boulevard" әнімен өнер көрсеткені үшін рахмет», – деп жазды Шерзингер Instagram парақшасында.

София Самоделкина да әншінің жазбасына жауап беріп, видеоның астына пікір қалдырды.

«О, Құдайым-ай! Керемет музыкаңыз үшін рақмет! Мен сізді жақсы көремін!», – деп жазды Самоделкина.