Шайдоров пен Головкин София Самоделкинаны құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін, 09:53 / Інжу Әлихан
olympickz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсетуін аяқтаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинаны құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады, депхабарлайды turkystan.kz.

«Софья Самоделкинаның Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келді.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ Олимпиада-2026-да үздік ондыққа енді. Бұл – спортшының мансабындағы айрықша сәт!», - деп жазды ҰОК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, София Самоделкина Олимпиада ойындарында жеке рекордын жаңартып, үздік ондыққа енді.

Тэгтер:

мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада ойындары Софья Самоделкина