Фариза Алмазқызының отбасы қара жамылды

19 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы қаралы хабар айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол шұғыл түрде Таразға аттанғаны туралы әдеуметтік желіде жазған.

"Аяқ асты түнде суыт хабар келіп, Таразға келіп қалдық... Әкемнің туған ағасы өмірден озды. Жаны жәннатта болсын!", - деді Фариза Алмазқызы.

Сондай-ақ ол өзімен бірге ұлдарын да ертіп кеткенін атап өткен.

"Балалар қасымда", - деп қысқа қайырды ол.

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмазқызы отбасын құрып, екі балалы болған соң ажырасып кетті. Соған қарамастан екеуінің арасындағы кейкілжің әлі күнге дейін әлеуметтік желіде саябырсыған емес.

Тэгтер:

әке жайдарман Нұрсұлтан Жақсыген Фариза Алмазқызы қайғы