Нигерияда шахта ішінде қалған 37 жұмысшы қаза тапты

19 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Нигерияның Зурак ауылындағы шахтада 37 шахтер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы жергілікті басылымдар, оның ішінде The Cable ақпарат таратқан.

Ақпаратқа сәйкес, тағы 25 адам ауруханаға жатқызылған.

Шахтерлердің бір туннельде жиналып қалған газ иісінен уланып қалған деген болжам бар.

БАҚ дерегінше, оқиға 17 ақпанда болған, бірақ ол туралы тек бүгін ғана мәлім болды. Шахта орналасқан Плато штатының билігі оқиға болғанын растағанымен, қаза тапқандар санына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

Тэгтер:

жұмысшы газ шахта Нигерия Зурак