Құймақ пісіруге арналған табаны таңдаған кезде таба жасалған материадың физикасына да мән беру керек. Ресей НИТУ МИСИС университетінің металтану және беріктік физикасы кафедрасының доценті Элина Лидің айтуынша, ең алдымен табаның жылуөткізгіштігіне назар аудару керек, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәл осы қасиет қамырдың қаншалықты біркелкі пісетінін анықтайды. Егер жылуды ұзақ сақтап, бірқалыпты тарататын ыдыс қажет болса, шойын таба тиімді нұсқа саналады: ол баяу қызады, бірақ температураны тұрақты ұстайды, уақыт өте келе бетінде табиғи жабыспайтын қабат қалыптасады және металл қалақтардан қорықпайды. Дегенмен салмағы ауыр, күтімді талап етеді.
Ал алюминий таба әлдеқайда жеңіл әрі жылуды тез өткізеді, сондықтан жылдам қызады, бірақ тез суиды; жабыспайтын қабатсыз құймақ күйіп кетуі мүмкін, сондықтан ағаш немесе силикон құралдар қолданған дұрыс.
Жабыспайтын қаптамасы бар табалар құймақты аз маймен пісіруге мүмкіндік береді әрі күтімі жеңіл, бұл әсіресе жаңадан бастағандарға ыңғайлы, бірақ оларды қатты қыздыруға болмайды және металл құралдармен қолдану қаптаманы зақымдауы мүмкін, сондай-ақ құрамында зиянды PFOA затының жоқ екеніне көз жеткізу маңызды.
Индукциялық плита қолданатындар үшін шойын табалар немесе түбі ферромагнитті алюминий модельдері ғана жарамды. Қысқасы, жиі әрі сапалы құймақ пісіргіңіз келсе, шойын, жеңілдік пен жылдамдық керек болса, алюминий, ал барынша оңай күтім мен аз май пайдалануды қаласаңыз, жабыспайтын қаптамасы бар таба таңдаған дұрыс.