Жамбылдық жігіт досының телефонын пайдаланып, есірткі сатып алған

Бүгін, 17:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл аудандық сотында есірткіні аса ірі мөлшерде сатып алу фактісі қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың қаңтар айында сотталушы өзінің телефоны істемей тұрғанын айтып, танысының телефонын сұрап алған. Оның телефонынан Telegram-каналға кіріп, эфедрон сатып алып, төлем жасап, есірткінің қай жерге жасырылғаны туралы ақпарат алған.

Содан кейін «жеке жұмыстарым бар еді, мені сол жерге апарып келші» деген сылтаумен досына өтініш жасаған. Аталған жерге келіп, сотталушы есірткіні алған. Ол есірткіні сату мақсатымен емес, өзі тұтыну мақсатында сатып алған.

Кейін Айша бибі ауылының тұрғындары сотталушының есірткі сақтап жүргенін байқап, полицияға хабар берген.

Сот сотталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін ескерді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

күдікті Есірткі Жамбыл дос