Шетелдік басылым Бозжыра шатқалын жаһандық үздік ондыққа енгізді

Бүгін, 17:26 / Інжу Әлихан
Қоғамдық коммуникация орталығы

Британдық The Telegraph басылымы Қазақстанның ең көрікті жері - Маңғыстаудың Бозжыра шатқалын «Әркім өмірінде бір рет болса да баруы керек топ 10 шөл» тізіміне енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, шетелдік басылым Үстірт қыраты аумағында орналасқан Бозжыра шатқалын бірегей геологиялық өңір ретінде сипаттайды. Зәулім жартастар, борлы мұнаралар мен әктасты түзілімдер теңіз түбін еске салатын айрықша ландшафт қалыптастырған.

«Мұнайлы өңір саналатын Ақтау қаласынан тек жол талғамайтын көлікпен жетуге болатын Каспий жағалауындағы көрікті аймақ туризмді дамыту кезеңіне аяқ басты. Алдағы уақытта өңірде теміржол станцияларын, жаңа әуежай мен бірнеше демалыс орындарын салу жоспарланған. Сондықтан туристердің толассыз   ағынымен бетпе-бет келмей тұрғанда, тұмса табиғат аясында  тыныштығын сезініп үлгерген жөн. Бұл өңірдегі геологиялық ғажайыптардың құндылығы жер қойнауынан табылған пайдалы қазбалардан әлдеқайда жоғары. Кен орындары мен газ зауыттарынан назарды бұрып, түрлі-түсті жолақты тауларды, алып тас шарларға толы аңғарларды және күрделі жерасты мешіттерін тамашалауға болады», - делінген басылымда.

Сілтеме: https://www.telegraph.co.uk/travel/advice/10-deserts-you-must-visit-in-your-lifetime/