Ақмолада 73 жастағы алаяқ жазадан құтылып кетті

Бүгін, 17:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Астрахан аудандық сотында алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

73 жастағы күдікті өзге азаматтан 350 мың теңге алып, жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткен. Жәбірленуші ақшаны күдітінің шотына аударған. Алайда, ақшаны алғаннан кейін күдікті қоңырауларға жауап бермей, қаражатты қайтармаған. Оның жүргізуші куәлігін жасап беретін ешқандай құзыреті болмаған.

Жаза тағайындау кезінде сот күдіктінің өз кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде, қарт жасын (73 жаста), жәбірленушінің күдіктіні жазаламау туралы пікірін, бұрын соттылығының болмауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Сот үкімімен күдіктіге 9 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сонымен қатар, күдіктіден жәбірленушінің пайдасына келтірілген материалдық шығын 350 мың теңге өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Алаяқ күдікті