Биржада доллар бағасы тағы төмендеді

Бүгін, 16:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 489,17 теңгені құрап, 0,11 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Ұлттық банкінің 19 ақпанға арналған ресми доллар бағамы – 489,3 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 492,55 теңге, сату бағамы – 495,64 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 488,63 теңгеден сатып алып, 495,63 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 491,64 теңгеден сатып алып, 493,53 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 9 ақпанда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,1 теңгеге өсті, 10 ақпанда 2,64 теңгеге төмендеді, 11 ақпанда 1,31 теңгеге төмендеді, 12 ақпанда 3,22 теңгеге өсті, 13 ақпанда 1,49 теңгеге өсті, 16 ақпанда 3,76 теңгеге төмендеді, 17 ақпанда 1,91 теңгеге төмендеді, 18 ақпанда 0,74 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар биржа нарық қор бағам