Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтауы мүмкін

Бүгін, 14:43 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Еуропалық MMA-лигасы Oktagon жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралу мәселесінің қалай дамитынын айтып, мансабын аяқтауы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Сәуір немесе мамыр айында Америкаға ұшуға ниеттімін. Біраз уақыт сонда боламын. Қалай болатынын көретін боламыз. Егер сәтті болса, UFC-ге кез келген спортшының орнына келісімшартқа отырамын. Егер UFC-ге қол жеткізе алмасам, Oktagon белбеуін қорғап, мүмкін мансабымды MMA-де аяқтаймын», – деді Жұмағұлов.

Айта кетейік, жақында Жұмағұлов қысқа мерзімде Брэндон Мореноға қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеген, ол жарақат алған Асу Алмабаевтың орнын алмастыруға ниет білдірген. Алайда UFC басқа шешім қабылдап, Мореноға қарсы жас британ спортшысы Лонир Кавану тағайындалды.

Биыл Жалғас Жумагуловқа 38 жас толады, ол – қазір Oktagon жеңіл салмақ дивизионының чемпионы. Сондықтан, егер UFC-ге қайта қол жеткізе алмаса, мүмкін мансабын келесі титулдық қорғаудан кейін аяқтауы ықтимал.