17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде жеке тұрғын үй ауласында бір топ ит 52 жастағы әйелді талаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көп жарақат алған зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен ауыл әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Анықталғандай, жануарлардың 60 жастағы иесі бар. Оған қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін шара қолданылды. Полиция мәліметіне сәйкес, оның үй аумағында 20-дан 25-ке дейін ит ұсталған.