Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Никишаның әйелі Мадина жолдасының Олимпиадада көрсеткен нәтижесіне қатысты желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Спорттың қыр-сырын білмейтін көптеген қазақстандық үшін ол үмітті ақтамаған болып көрінуі мүмкін. Бірақ біз – отбасы үшін ол – чемпион, ол – қаһарман.
Ел намысын Олимпиада аренасында қорғаудың қаншалық қиын екенін және екі жыл қатарынан әлем чемпионатында медаль жеңіп алудың қандай еңбекпен келетінін біз ғана білеміз», – деді спортшының жұбайы.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша бұл күндері Италияда өтіп жатқан Олимпиадада жетінші орын алған болатын.