«Темекі тартатындар ауыз бекіте ме?»: Нұрлан имам жауап берді

18 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Елге белгілі Нұрлан имам "1001 түн" бағдарламасында тікелей эфирде ораза жайлы сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол студиядан тыс әңгіме барысында тілшілердің сұрағына да жауап берген. Ол жерде имамға "Темекі тартатындар ауыз бекітуге бола ма?" деген сұрақ қойылған.

"Ұстай береді. Темекісі күндіз тартылмаса болғаны. Боқтап сөйлейтіндер күндіз болса да, түнде болса да сауап (күнәсі деп айтқысы келсе керек - редакция) азаяды. Одан кейін қарызы барлар да ораза ұстай береді. Оразаны пайдаланып, мүмкін адам өзгеретін шығар. Жалпы халыққа айтарымыз:  біреудің темекісін, біреудің аузындағы сөзін аңдымай өз-өзіңізді аңдып, жаман әдетін қоя алмай жатқан адамға қолдау білдіріп, арылуына себепші болайық", - деді Нұрлан имам.

Тэгтер:

Нұрлан имам Ораза Ауыз ашар ауыз бекіту