Қысқы олимпиада-2026: Шаңғышылардың соңынан жүгірген ит әлемге танылды

18 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

18 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы командалық спринт (еркін стиль) жарысы өтті. Жарыс кезінде күлкілі оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Трассаның мәреге таяу бөлігінде спортшылардың арасында бір ит пайда бола кеткен. Ол тіпті фотофинишке де түсіп, көрермендерді күлдірді. Алайда әзірге төрт аяқты жануар жайлы мардымды дерек жоқ.

Айта кетейік, Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Ойындар аясында 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
 

Тэгтер:

спорт шаңғы Милан Қысқы олимпиада-2026