Белгілі сазгер Ұлықпан Жолдасов 60 жасқа толды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оны туған күнімен жұмыс орнында әріптестері мен достары құттықтаған. Алайда сазгер құттықтаушылар әкелген торттың шырағын өшіруден бас тартқан. Ол келушілерге отты үрлеп өшіруге болмайтынын бірнеше мәрте айтқан. Бірақ құттықтай келген азаматтардың бірі тым болмаса шырақты қолмен өшіруді ұсынған. Ұлықпан Жолдасов амалсыздан шырақты өшіругі мәжбүр болғанын желіде жарияланған видеодан көруге болады. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсті.
«60 жасқа торттың не керегі бар, одан да шапан жауып, иығына құрмет көрсетіп, әніңді айт», «Отты үрлеп өшірмегеніне риза болдым, дұрыс», - деп жазды кей желі қолданушылары.