Қоғамдық кеңестер жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін, 19:13 / Дана Ізтілеуова
gov.kz

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының отырысы өтті. Жиынға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық кеңестер төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отырыс барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Мемлекеттік саясатты қалыптастыруда азаматтардың қатысу белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата заң жобасын қолдай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, сондай-ақ қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарастырды.