Белгілі бразилиялық жазушы Пауло Коэльо Threads әлеуметтік желіcінде Қазақстан туралы жазба жариялап, ел тұрғындарын таңғалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ат үстінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап: «Мен әлемді аралап жүрмін, Қазақстан. Жылқы жылына кіріп келемін. Барлығыңа жаңа жыл құтты болсын!» деп жазды.
Қазақстандықтар жазушының постына «Қазақтар, мұнда кім бар?», «Мәссаған, Пауло Коэльо менің туған елімде! Қош келдіңіз!», «Менің сүйікті жазушым Қазақстанда жүр. Керемет!» деген сияқты пікірлер жазған. Көптеген қолданушылар автордың кітаптарының фотосын да жариялады.
Пост бірнеше мың лайк жинаған. Алайда жазушының Қазақстанға қашан және қандай мақсатпен келгені туралы мәлімет жоқ.