Айжан Байзақова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Бүгін, 17:21 / Алуа Арман

Белгілі блогер Айжан Байзақова қуанышты жаңалығын жеткізді. Ол үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«15.02.26. Отбасымызға қош келдің, қызым. Әкеңді құттықтаймын! Әзірге құттықтауларды қабылдап жатырмыз, жоғалып кеткенім үшін уайымдағандарыңызды білемін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Суретте жаңа туған сәбидің есімі – Латифа екені көрсетілген.

Айта кетейік, Айжан Байзақова үш баланы тәрбиелеп отыр. Кіші ұлы Асад пен жаңа туған қызы Латифа кәсіпкер Нұрбек Арыстаннан, ал үлкен ұлы Алан блогердің бұрынғы сүйіктісінен туған.

 

Тэгтер:

блогер сәби ана қуаныш Айжан Байзақова