Астана тұрғыны медициналық мекемеде ақша ұрлаған (ВИДЕО)

Бүгін, 16:37 / Інжу Әлихан
Скриншот

Астанада полицейлер медициналық орталықта ақша ұрлады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қызметкерлердің бір сәттік аңғалдығын пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, ер адам медмекеме ғимаратына қарапайым клиент ретінде кірген. Әкімші жұмыс орнынан қысқа уақытқа кеткен сәтті күтіп, ол тіркеу орнының арғы жағына өтіп, кассадан ақша алып кеткен. Осыдан кейін күдікті еш кедергісіз ғимараттан шығып кеткен.

«Ұрланған қаражатты күдікті жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ер адамның жеке басы бейнебақылау камераларының жазбаларын талдау нәтижесінде анықталды. Кейін ол қаланың бір ауданында полиция қызметкерлерімен ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдері мұндай қылмыстар көбіне бақылаудың әлсіздігі мен қызметтік аймақтарға еркін кіру мүмкіндігі салдарынан жасалатынын атап өтті.

Осыған байланысты ұйым басшылары мен қызметкерлерін: