Дастан Мұхамедрахим әлем бойынша үздік блогер атанды

Бүгін, 15:00 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Қазақстандық Дастан Мұхамедрахим Cannes WIBA Awards 2026 байқауында әлем бойынша үздік Travel blogger атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Cannas WIBA Awards 2026 әлем бойынша үздік travel blogger атандық.

WIBA (World Influencer, Blogger Association) жыл сайын әлемнің ең үздік блогерлеріне беретін марапаттың осы жылғы есебі бойынша саяхат блогерлерінің үздігі атандық. Өткен жылдары @khaby00 @cznburak @nusr_et осы марапатты иеленген екен.

Бұйырса 22 мамыр күні, Францияның Канна қаласында өтетін салтанатты кеште марапатымызды алып кетуге барамыз», - деп жазды ол.