Жаңалықтар

49 жастағы актриса әлемдегі ең сұлу әйел атанды

ашық дереккөзі

49 жастағы актриса әлемдегі ең сұлу әйел атанды

Голливудтың 49 жастағы жұлдызы Джулия Робертс People журналының тұжырымы бойынша жылдың ең сұлу әйелі атанды. Актриса бұл атақты бесінші рет иеленіп отыр. Актриса 1991 жылы 23 жасында алғаш рет ең сұлу әйел атанған болатын. Бұл жағдайға байланысты басылым өкілдері "Джулия Робертстің People журналының Әлемдегі ең әдемі әйелдер рейтингісін алғаш рет көш бастағалы бері 26 жыл өткен. Дегенмен ол біздің сүйікті сұлуымыз болып қала береді", - деп жазған. Робертстің өзі бұл атақты бесінші рет алғанына өте қуанышты екенін айтып, қазір сұлулығының шегінде жүргенін атап өтіпті. 2016 жылы бұл рейтингті Дженнифер Энистон бастағанын айта кетейік.