Петропавл мектептерінің бірінде оқушы терезеден құлап кетті

Бүгін, 12:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. Оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқу орнының мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«17 ақпанда оқушы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр», – деді мектептің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушының түрлі жарақаттармен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

«Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқушы 18 жаста.

 

 

 

Тэгтер:

мектеп оқушы Петропавл НЗМ