Петропавлда дәрігерлер сірке суын ішіп қойған 2 адамды аман алып қалды

Бүгін, 12:30 / Інжу Әлихан
Көпбейінді қалалық аурухана

Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына өте ауыр күйде 52 жастағы ер адам түсті. Фельдшердің сөзінше, көмекке жүгінердің алдында 1 сағат бұрын алкогольге мас күйде және суицид жасау мақсатында ол 70% сірке суының белгісіз мөлшерін ішіп қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылдау бөлімшесінде пациентті шұғыл қарап-тексерді. Жағдайының ауыр екені ескеріліп, ол шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жеткізілді.

Ер адам дауысқа жауап бермеді, ауырсыну тітіркендіргіштеріне әлсіз ден қойды. Тыныс алуы нашар болғандықтан, реаниматологтар пациентті ӨЖЖ аппаратына қосты. Сол уақытта шокқа қарсы, инфузиялық терапия жүргізіліп жатты, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы бақыланды.

Диагноз:

Пациент бес тәулік бойы дәрігер мен мейіргерлердің тұрақты бақылауымен реанимацияда жатты. Жағдайы тұрақтанған соң терапия бөлімшесіне ауыстырылды, онда бейінді дәрігерлер емдеуді жалғастырды.

Жүргізілген емнің нәтижесінде 10-ші тәулікте жағдайы жақсарды, интоксикация белгілері жоғалды. Дәрігерлердің ұсыныстарына қарамастан, пациент одан әрі емделуден бас тартты.

Өкінішке орай, бұл бір ғана жағдай емес.

Қазіргі уақытта Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимациясында екі пациент жатыр – 49 жасар ер адам мен 47 жасар әйел, олар да алкогольге мас күйде және суицид жасау мақсатымен сірке суын ішіп қойған. Дәрігерлер мен мейіргерлеріміз олардың өмірі үшін күресуде.

Әрқайсымыз мынаны есте сақтаған дұрыс: