Ауа-райының бұзылуына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 18 ақпан сағат 09:40-та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақмола облысы
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2026 жылғы 18 ақпан сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.