Түркістан облысында рұқсатсыз қоқыс төгілген 247 орын анықталды

Бүгін, 09:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Түркістан облысы прокуратурасы өңір аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-ның геопорталының мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізген мониторинг нәтижесінде 2025 жылы облыс аумағында рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастырудың 247 фактісі анықталды.

Қазіргі таңда прокуратураның қадағалау актілері негізінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, аумақтарды тазарту және оларды экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қабылданып, анықталған барлық заңбұзушылықтар толық жойылды.

Түркістан облысының прокуратурасы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастырады.

 

Тэгтер:

Түркістан облысы қоқыс полигон