Орташа зейнетақы мөлшері 14 700 теңгеге өсті

Бүгін, 09:09 / Алуа Арман
istockphoto.com

2026 жылғы қаңтар айында Қазақстанда зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 395,2 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге – 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақыға – 263,9 млн теңге бағытталған.

Ведомство дерегінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады, оның ішінде:

ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге;

базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Салыстыру үшін: 2026 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 143 143 теңге болған, яғни ел бойынша орташа өсім 14 700 теңгені құрады.

2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті.

Тэгтер:

Зейнетақы