Бір топ айтыскер ақын Жүрсін Ерманға құрмет көрсетті (ВИДЕО)

17 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде бірнеше айтыскердің Жүрсін Ерманның үйіне арнайы бас сұққаны туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жариялаған видеодан автордан бөлек, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханды да байқауға болады.

"Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоу»-ды сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары олардың бұл қадамын құптайтынын білдіріп, жылы лебздерін бөліскен.

"Жүрсін аға жап-жақсы болып қалыпты ғой. Алла өмірін ұзақ етсін", "Не деген әсерлі көрініс", "Мерей то йқұтты болсын! 100 жасасын!", "Керемет құттықтау, мерей той құтты болсын!", "Мына үйден қазақтың иісі шығып тұр", - деп жазды олар.

Тэгтер:

айтыс Айнұр Тұрсынбаева Ақын Жүрсін Ерман