Қызылордада дәрігерді жағасынан алып, жұдырық жұмсаған әйелге үкім шықты

Бүгін, 17:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда қаласында дәрігерге шабуыл жасаған әйел сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны қабылдау кезінде медицина қызметкерін жұдырықпен ұрғаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігер науқастарды қабылдап отырған кабинетке кірген. Медицина қызметкері кезекті сақтауды сұраған кезде, әйел жанжал шығарып, дәрігердің жағасынан ұстап, жұдырықпен соққы жасаған.

«Сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танылды.

Тэгтер:

дәрігер Қызылорда