Солтүстік Қазақстанда 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 16:46 / Алуа Арман
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

— Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын өңірде осындай тағы бір жағдай тіркелген болатын. 15 ақпанда Мамлют ауданының Леденево ауылында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Алдын ала дерек бойынша, ол да өзіне қол жұмсаған. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Тэгтер:

суицид Солтүстік Қазақстан өз өзіне қол салу Мамлютка