Ұлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Бүгін, 16:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды.

Есіңізде болсын:

Банктер SMS-код сұрамайды;

Карта деректерін беруге болмайды;

Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.

Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.

Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Тэгтер:

алаяқтық Ұлттық банк