Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемесінде болғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған факт бойынша тиісті материалдар жинақталып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нысан иесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы №3 полиция бөлімінің бастығының қаулысымен компьютерлік клубтардың бірінің қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция кәмелетке толмағандардың құқықтарымен қауіпсіздігін қорғау талаптарын сақтау ойын-сауық мекемелері иелерінің міндеті екенін ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.