Талдықорғанда интернет-алаяқтық құрбанына айналған әйелге 2,5 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың қазан айында Талдықорған қаласының тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбанына айналып, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.
Дропперлердің заңсыз әрекеттері салдарынан әйел 14 млн теңгеден астам қаражатынан айырылған.
Тергеу барысында полицейлер қаржылық операцияларды мұқият зерделеп, ақша аударымдарының толық тізбегін анықтаған.
Сонымен қатар түрлі ұйымдармен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жүргізіліп, қаражаттың қозғалу бағыты кезең-кезеңімен қалпына келтірілді. Нәтижесінде алаяқтық схемасына қатысы бар тұлғалар анықталып, заң аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды.
Тергеушілердің табандылығы мен жүйелі жұмысының арқасында жәбірленушіге ұрланған қаражаттың бір бөлігі — 2 млн 500 мың теңге қайтарылды.