Шығыс Қазақстанда кәсіпорын бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

Бүгін, 12:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде жымқыру» бабы бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

YK-news.kz мәліметінше, ЖШС-нің азық-түлік қоймасында бухгалтер-кассир болып жұмыс істеген азаматша 2025 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында компания кассасынан жалпы сомасы 10 844 549 теңге көлемінде қаражат жымқырған.

Сот тергеуі барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.

Үкім шығару кезінде сот бірқатар жеңілдететін мән-жайларды ескерді: кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сотталушығның мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

ақша жымқыру бухгалтер Шығыс Қазақстан