Алматыда созылмалы ауырсынумен жүрген науқасқа бірегей ота жасалды

Бүгін, 10:16 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет айқын созылмалы ауырсыну синдромы бар пациентке жұлын нейростимуляторы имплантацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, электродтар жоғары деңгейде — жұлынның VI–VII мойын және I–II кеуде сегменттері проекциясына орнатылған. Құрылғы ауырсыну сигналдарының өтуін бөгейтін бақыланатын электр импульстарын беріп, ауырсыну сезімін едәуір азайтуға немесе толық жоюға мүмкіндік береді.

Жұлын нейростимуляторын имплантациялау жоғары технологиялық медициналық көмек түріне жатады және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі.