Ауруханаға түсіп қалған продюсер Нұрлан Қоянбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әзілкеш желідегі парақшасында денсаулық пен өмірдің қадірі туралы айтты.
«Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады. Денсаулық — ең үлкен байлық, ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз», — деп жазды ол.