«Оскар» сыйлығының иегері актер Роберт Дюваль қайтыс болды

16 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

95 жасында «Оскар» сыйлығының лауреаты, актер Роберт Дюваль өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дюваль жексенбі күні Мидлберг қаласындағы үйінде көз жұмған.  CNN таратқан ақпаратта ресми қоштасу рәсімі өткізілмейтіні де айтылған.

Роберт Дюваль ең алдымен "Крёстный отец" және "Апокалипсис сегодня" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. Атақты Крёстный отец туындысында ол Дон Вито Корлеоненің асыранды ұлы әрі Корлеоне әулетінің консильерисі (кеңесшісі) рөлін сомдаған. 

Айта кетейік, Дюваль экранда көбіне «қатал жігіттердің» бейнесін жиі сомдаған.
 

Тэгтер:

Актер кино Роберт Дюваль