16 ақпан күні таңғы сағат 8:00 шамасында Магнитогорская көшесінде Jac маркалы жедел жәрдем көлігі мен Hyundai автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соқтығыс салдарынан Hyundai автокөлігінің екі жолаушысы зардап шегіп, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеді.
Апаттың мән-жайы анықталуда.