2026 жылғы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысы
- «Щучинск – Зеренді» автожолының 0-77 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы);
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 232-304 шақырым аралығы (Щучинск қаласы — Көкшетау қаласы);
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 14-51 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Атбасар қаласы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Саумалкөл ауылы);
- «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Келлеровка ауылы);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).
Жолды 2026 жылғы 17 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.