«Михаил Шайдоровтың әкесімен сөйлестім»: inDrive басшысы сыйлығын бір аптада беретінін айтты

Бүгін, 11:45 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Қазақстандық кәсіпкер, inDrive-тің негізін қалаушы Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне сыйлайтын көлігін қашан тапсыратынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көпшілік Михаил Шайдоровтың әкесіне жасаған сыйлығым туралы жаңалықты жылы қабылдап, қуаныш пен алғысқа толы пікірлер жазуда. Мен бұған өте қуаныштымын. 

Кеше Станислав Александрұлымен сөйлестім. Қазір ол Алматыда екен, сыйлыққа қатты қуанып отыр және оны ризашылықпен қабылдайтынын айтты. Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін көлікті бір апта ішінде табыстаймын.

Ұлының осындай ұлы жеңісінен кейін ол өте толқып жүр. Бұл – көп жылғы еңбек, кедергілер мен сенімнің жемісі», - деп жазды ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Тэгтер:

Олимпиада чемпионы Арсен Томский Михаил Шайдоров