Алматыда әжелер ұзындығы 110 метр болатын сырмақ сырып жатыр

Бүгін, 11:33 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленіп жатып, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы іске асырып жатыр.

Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріледі. Әрбір өрнек пен әр бөлшекте ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет және мәдени мұраны сақтау ниеті көрініс табады.

Жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланған. Наурыз мерекесінде сырмақ көпшілік назарына ұсынылады.