Қарағандыда екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Бүгін, 10:44 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарағанды қаласындағы жол қиылыстарының бірінде екі жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 15 ақпанда шамамен сағат 16:20-да Бұқар жырау даңғылы мен Кирпичная көшесінің қиылысында болған – Mitsubishi, Audi маркалы автокөліктері мен автобус соқтығысқан.

«ЖКО салдарынан Audi автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде автобуста 20 адам болған, зардап шеккендер жоқ. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Қарағанды Жол апаты Автобус жеңіл көлік