«Сырғанау техникасы әлсіз»: Ресейлік әлем чемпионы Шайдоровтың өнеріне баға берді

Бүгін, 08:56 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Мұздағы билерден екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік спортшы Максим Ставиский 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламасына пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жарыс алдында Шайдоровтың чемпион болатынына көпшілік сенбеген.

«Сырғанау техникасы жағынан ол сәл әлсіздеу. Бірақ Михаилден басқа ешкім секіру элементтерін алтынға жетерлік деңгейде орындай алмады. Өте өкінішті, себебі Адам, Малинин мен Кагияманың өнері ерекше ұнайды. Алайда Олимпиадада күйзеліс пен моральдық қысым қатты әсер етеді», — деді Максим Ставиский.